Бүгін жалпы ауруханалық жиналыста бас дәрігер мен аурухана ұжымы жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі, іріңді хирургия саласындағы беделді маман Әлімжанов Асқар Қасымханұлын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Медицина саласына арнаған 30 жылдан астам еңбек жолында Асқар Қасымханұлы кіші мейіргерден бөлімше меңгерушісіне дейін еңбек жолын өтті.
Қазіргі кезде мерейтой иесі диабеттік табан синдромымен ауыратын науқастардың өмірін аман алып қала алатын, әрі оларды жоғары ампутациядан құтқаратын бірегей маман.
Аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев көп жылғы адал еңбегі, кәсіби шеберлігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін ризашылығын білдіріп, Асқар Әлімжановты алғыс хатпен марапаттады.
Асқар Қасымханұлын туған күнімен құттықтай отырып, шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас рухани күш-қуат, еңбекте табыс, амандық тілейміз!