Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) денсаулық сақтау саласына маманданған неміс компанияларының өкілдері келді. Германиядан келген бастамалық іссапар медициналық технология мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін мамандарды біріктірді.
Сапарға қатысушылардың қатарында NETSCI GmbH компаниясынан профессор доктор Маттиас Крамер, DREBERIS GmbH компаниясынан Катарина Херманн, Germany Trade & Invest компаниясынан Ян Трибел, сондай-ақ Орталық Азиядағы неміс бизнесінің делегаты Овсеп Восканян және басқа да өкілдер болды.
Сапар барысында неміс компанияларының өкілдері ҚЖШККА жұмысымен танысып, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасты. Бұл іс-шара ынтымақтастық және медициналық тәжірибеге жаңа технологияны енгізуді талқылауға тамаша мүмкіндік болды.
Германиядан келген делегация Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының даму деңгейін, аурухананың заманауи медициналық құрал-жабдықпен жабдықталуын, қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігін, сондай-ақ еуропалық стандарттарға сай келетін аурухананың даму әлеуетін жоғары бағалады.
Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал етеді, бұл сайып келгенде, медициналық көмектің сапасын арттыруға және пациенттерге инновациялық технологиялардың қолжетімдігіне әкеледі. Осындай бастамалар жалғасын тауып, медицина саласының дамуына септігін тигізеді деп сенеміз.