Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бердалина Гүлнар Садырбекқызының Туған күні.
Құрметті Гүлнар Садырбекқызы!
Туған күніңіз құтты болсын!
Сіздің жауапкершілік жүгін арқалап, денсаулық сақтау ісіндегі зор еңбегіңіз, ауруханамыздағы кәсіби іскерлігіңіз бен парасаттылығыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Сізге шын жүректен зор денсаулық, еңбегіңіз жемісті болсын дейміз. Әрқашан үмітіңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіз. Отбасыңыздан бірлік, құт-береке кетпесін!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы