15 шілде – Халықаралық гинеколог күні құтты болсын!

15 шілде – Халықаралық гинеколог күні құтты болсын!
Әйел денсаулығының сақшысы – барша гинеколог маманды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Гинекология – терең білім мен жоғары жауапкершілікті, төзім мен адамгершілікті қажет ететін ерекше сала. Бұл мамандық иелері күн сайын нәзік жандар саулығы үшін талмай еңбек етеді.
Осы орайда Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Кашиноровнаның басшылығымен еңбек етіп жүрген ұжымды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздердің үйлесімді жұмысыңыз, біліктілік пен жанашырлыққа негізделген қызметіңіз – талай әйелдің денсаулығына үміт сыйлап, сапалы өмір сүруіне жол ашып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әйел саулығы – ұлттың келешегі.
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы