Халықаралық медбикелер күні құтты болсын!
Мейірімділік пен жылылық нышанына айналып, игі мамандық иесі атанған медбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық.
Медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты екені сөзсіз.
Науқаспен 90% уақытын өткізетін де медбикелер.
Олар медициналық тәртіптің сақталуын бақылап, ем-шараны жүзеге асырады.
Пациенттің дәрі-дәрмекті уақтылы қабылдауын қадағалайды, ине шаншып, пациентті отаға дайындайды, күрделі емдік-профилактикалық шараларды жүргізеді.
Бұл жоғары кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар сабырлы болуды және стресс атаулыға төзімді болуды қажет етеді.
Олардың жылы сөзі науқастың сауығуында маңызды рөл атқарады.
Құрметті медбикелер мен мейіргерлер!
Өз ісіңізге деген адалдығыңыз, пациенттерге деген мейірімділігіңіз үшін алғыс білдіре отырып, қашанда еңбегіңіздің жемісін көріп, халық саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы