Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Отан қорғаушылар мен ел игілігі үшін еңбек етіп, оның дамуына үлес қосып жүрген, әсіресе, адам өмірі мен денсаулығы үшін күресіп жатқан барша азаматты бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!
Дәрігер, мейіргер, аурухананың техникалық қызметкерлерінің жұмысы да пациенттердің денсаулығын қорғауға бағытталған.
Отанға адал, елге қайырымды, отбасыңызға мейірімді, қайратты да мақсатты болыңыздар.
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі ісіңізде табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт, ашық аспан, бейбіт ғұмыр, даналық, қайсарлық, ерік-жігер, төзімділік пен шыдамдылық тілейміз.
Өміріңізде қашанда игі іс, ерлік пен жеңіске орын болсын!
Еңсеңіз биік, мерейіңіз үстем, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы