ДДСҰ шешімімен жыл сайын сәуірдің 24-30 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өткізіліп жатыр.
Оның мақсаты- иммундау жөнінде тұрғындарды ақпарттандыру. Инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу
шараларының маңыздылығын түсіндіру.
2022 иммундау апталығының тақырыбы – «Барлығына ұзақ өмір».
Адамзат дамуының соңғы 200 жылында вакциналау түрлі жұқпалы аурудың алдын алып, бір кездері халықты қынадай қырған оба, шешек сынды індеттерді келмеске жіберген. Вакциналаудың арқасында әлем полиемелит, дифтерия, көкжөтел, қызамық сияқты аса қауіпті дерттен арылды. Әйтпесе бұл ауралар мүгедектікке, кей кездері өлімге де әкелуі мүмкін. Біздің елімізде вакциналау бала дүние есігін ашқаннан бастап тегін көрсетіледі. Вакциналау тұрғылықты жері бойынша емханада дәрігердің тексеруінен кейін жүзеге асырылады.
Әлемді пандемия құрсап тұрғанда вакциналау тақырыбы күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыққан.
Вакцина алыңыз, деніңіз сау болсын!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы