АЛМАТЫДА СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН КӨЗ АРТЕРИОВЕНОЗДЫ ФИСТУЛАСЫ СӘТТІ ЕМДЕЛДІ

Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында көз артериовенозды фистула сәтті емделді
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) түскен 60 жасар науқас сол көзінің шығыңқылығы, қызаруы және қозғалысының шектелуіне шағымданды. Тексеру барысында өте сирек кездесетін диагноз – көздің артериовенозды фистуласы анықталды.
ҚЖШККА нейрохирург маманы Максим Аргумбаевтың айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде әлем бойынша бұл аурудың небәрі 42 жағдайы тіркелген екен.
“Аурудың қауіптілігі – экзофтальманың үдемелі дамуында, ол көру қабілетін жоғалтуға, тіпті көз алмасын алып тастауға мәжбүрлейтін жағдайға әкелуі мүмкін”, – деп атап өтті дәрігер.
Артериовенозды фистула – артериялар мен тамырлар арасындағы қан ағымының бұзылуына әкелетін патологиялық байланыс.
Оталық бригада: нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли, нейрохирург Максим Аргумбаев, анестезиолог Ринат Касенов, оталық медбике Эльмира Аюпова фистулаға күрделі рентгеноэндоваскулярлық эмболизация отасын жасады.
Отаның ұзақтығы 60 минутты құрады.
Ота жасау тобының жоғары кәсіби біліктілігі және үйлесімді жұмысының арқасында науқастың көру қабілеті аман қалды. Отадан кейінгі динамикада айтарлықтай жақсару байқалды: хемоздың қайтуы және көзді толық жабу мүмкіндігі қалпына келді.
“Мұндай ота көру қабілетін сақтап қалуға қатысты жоғары қауіппен бірге жүреді. Біз науқасқа көмектесе алғанымыз, заманауи технология мен команда тәжірибесін қолдана алғанымыз үшін қуаныштымыз. Бұл жағдай дәрігерлік көмекке неғұрлым ерте жүгіну мен кәсіби көзқарастың маңызын баса көрсетеді”, – деп түйіндейді Максим Аргумбаев.
Суретте рентгеноэндоваскулярлық эмболизацияға дейінгі және кейінгі ангиографиялық көріністер көрсетілген. Стрелка ота кезінде жойылған артериовенозды фистуланы көрсетеді.