Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Akeso Clinic – инсульттен, жарақаттан және неврологиялық аурулардан кейін қалпына келтіру терапиясына маманданған оңалту орталығы ұйымдастырған шеберлік сыныбы өтті.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Akeso Clinic – инсульттен, жарақаттан және неврологиялық аурулардан кейін қалпына келтіру терапиясына маманданған оңалту орталығы ұйымдастырған шеберлік сыныбы өтті.

Мастер-класты логопед-афазиолог Вакуленко Оксана Владимировна және физикалық терапевт Тузов Роман Игоревич жүргізді.

Шеберлік сыныбы барысында Оксана Владимировна инсульттен кейінгі сөйлеу мен жұту актісін қалпына келтірудің заманауи тәсілдері, стационар жағдайында ерте кезеңде қолдануға болатын логопедиялық жаттығулар мен ауыз-тіл бұлшықеттерін шынықтыру әдістерін көрсетсе, Роман Игоревич дене қалпын басқару менеджменті мен тік қалыпқа келтірудің маңызын айтып, пациенттерге арналған жатқызу сұлбалары, тік қалыпқа келтіру хаттамалары, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді талқылады.

Іс-шара орта және кіші медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктігін арттыруға, тәжірибелік дағдыны жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталды, бұл өз кезегінде пациенттердің сауығуына және өмір сапасына оң әсерін тигізеді.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы Akeso Clinic ұжымына, Вакуленко Оксана Владимировна мен Тузов Роман Игоревичке кәсіби біліктігі және медициналық оңалту саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.