Халықаралық Невролог күні құтты болсын!
Желтоқсанның 1-і – жүйке жүйесі ауруларымен күресуде күн сайын маңызды үлес қосатын невролог мамандардың еңбегін бағалайтын күн.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы өзінің жоғары білікті мамандарын мақтан тұтады!
Неврология бөлімшесінің меңгерушісі Абдуллаева Лаура Темірбекқызы және Нейроинсульт орталығының меңгерушісі Аяғанова Ләззат Базарбекқызы бастаған мамандардың кәсібилігі мен жұмысына деген адалдығы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Олардың еңбегі мен білімі көптеген пациенттің сауығып, толыққанды өмірге қайта оралуына мүмкіндік беріп келеді.
Сондай-ақ қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін невролог мамандарымыздың маңызды рөлін ерекше атап өткіміз келеді. Олар ең қиын сәтте көмек көрсетуге әрдайым дайын.
Құрметті әріптестер, сіздердің жанқиярлық еңбегіңіз, шыдамдылығыңыз және пациенттерге деген қамқорлығыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Сіздерге зор денсаулық, игі істе табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы.
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы