2025 жылғы маусымның 7-сінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы белсене атсалысты – қоқыс жиналды, жапырақ тазаланды, жасыл желекке күтім жасалды, сыртқы аумақ ретке келтірілді.
Тазалық жұмыстары ойдағыдай жүргізілді.
Аурухана ұжымы табиғатты аялау мен таза қала кеңістігін қалыптастыру – әр азаматтың ортақ міндеті деп санайды.


