Инсульттің алдын алу туралы
Жүрегіңізді және денсаулығыңызды күтіңіз!
Құрметті достар, бүгін назарыңызды инсульттің алдын алудың маңыздылығына аударғымыз келеді.
Инсульт – өмір сапасына әсер ететін және ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін ауыр жағдай.
Кейбір сақтық шараларын қолдану арқылы инсульттің көптеген жағдайын болдырмауға болады.
Инсульт дегеніміз не?
Инсульт қан тамырларының бітелуіне немесе қан кетуге байланысты мидың белгілі бір бөлігіне қанның жетуі тоқтап қалғанда пайда болады. Бұдан ми жасушалары зақымдалып, олардың жұмысы нашарлайды.
Инсульттің алдын алу жолдары
Дұрыс тамақтану: инсульттің алдын алуда дұрыс және теңгерімді тамақтану маңызды рөл атқарады. Балғын жеміс, көкөніс, пайдалы майлар (мысалы, зәйтүн майы), жоғары омега-3 балықты тұтынуды арттырыңыз және тұз, жануар майларын және өңделген тағамды тұтынуды шектеңіз.
Белсенді өмір салты: тұрақты физикалық белсенділік жүрек пен қан тамырларын нығайтуға, қан айналымын жақсартуға және инсульт қаупін азайтуға көмектеседі. Күніне 30 минут, аптасына бес күн жаяу жүру, жүзу немесе велосипед тебу сияқты орташа қарқынды физикалық белсенділікпен айналысуға тырысыңыз.
Қан қысымын бақылау: жоғары қан қысымы инсульттің негізгі қауіп факторларының бірі. Қан қысымын бақылаңыз, оны үнемі өлшеп тұрыңыз.
Дәрігердің нұсқауларын орындаңыз және қажет болған жағдайда қан қысымын төмендететін дәріні қабылдаңыз.
Дұрыс салмақты сақтаңыз: артық салмақ пен семіздік инсульт қаупін арттырады. Дұрыс тамақтану және қалыпты физикалық белсенділік арқылы салауатты салмақты сақтауға тырысыңыз. Оңтайлы салмаққа жету және оны сақтау үшін дәрігердің кеңесін орындаңыз және салауатты әдеттерді дамытыңыз.
Стреспен күресу: ұзақ және созылмалы күйзеліс жүрекке кері әсер етіп, инсульт қаупін арттырады. Тұрақты жаттығулар, медитация, терең тыныс алу немесе өзіңізге ұнайтын хобби сияқты стрессюті тиімді басқару жолдарын іздеңіз. Сіздің эмоционалдық әл-ауқатыңыз жүрек денсаулығы мен инсульттің алдын алу үшін де маңызды екенін есте сақтаңыз.
Темекі шегуді қойыңыз: темекі шегу инсульттің негізгі қауіп факторларының бірі. Шылым шегетін болсаңыз, осы жаман әдетті тастау үшін бар күшіңізді салыңыз. Қолдау және кеңес алу үшін дәрігерге барыңыз немесе темекі шегуді тоқтату бағдарламасына қосылыңыз.
Денсаулықты үнемі тексеріп тұру: дәрігерге жүйелі түрде бару жоғары холестерин, қант диабеті немесе аритмия сияқты инсульттің қауіп факторларын анықтауға және бақылауға көмектеседі. Дәрігердің нұсқауын орындаңыз және барлық қажетті тексеру мен сынақтардан өтіңіз.
Инсульттің алдын алу сіздің денсаулығыңыз бен ұзақ мерзімді әл-ауқатыңызға салынған инвестиция екенін түсіну маңызды. Жүректі қорғау және инсульттің алдын алу үшін осы ұсыныстарды өміріңізге енгізіңіз және жақын адамдарыңызбен бөлісіңіз.
Жүрегіңізді күтіңіз және сау болыңыз!