Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында салтанатты жиын өтті.

Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында салтанатты жиын өтті.
Қазанның 25-і – еліміз үшін маңызды күндердің бірі.
Дәл осы күні 1990 жылы Егемендік туралы декларацияға қол қойылды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды.
“13 жыл атап өтілмеген Республика күні биыл еліміздің мерекелік күнтізбесіне қайта енді.
Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізде табыс тілеймін!
Еліміздің барлық жетістігі мен табысы – өз Отанының тағдыры үшін жанашырлық танытқан, көркеюіне атсалысқан қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен еңбегінің жемісі”, – деп атап өтіп аурухана бас дәрігері Алмаз Джувашев Республика күніне орай аурухананың дамуына үлес қосқан, денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі мен медицинаға деген адалдығы үшін алғыс хатпен 26 қызметкерді марапаттады.
Сондай-ақ Республика күніне орай кәсіподақ атынан тағы 18 қызметкер алғыс хатпен марапатталды.
Инсульт орталығының меңгерушісі Ләззат Аяғанова, травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Сағит Маханов, дәрігер-травматолог Жәнібек Жұмабек “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталса,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен бас дәрігердің орынбасары Гүлнар Жантуова марапатталды.
Құттықтаймыз!