Филиппиндік дәрігерлер делегациясы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ҚЖШККА) болды.
Бұл шараның Халықаралық дәрігерлер күнімен тұспа-тұс келуі оның маңызын арттырған сияқты.
Әріптестеріміз жергілікті медицинаның ерекшелігіне қызығушылық танытып, тәжірибе алмасу мақсатында ауруханаға келді.
ҚЖШККА басшылығы филлипиндік әріптестерді қуана қарсы алып, экскурсия ұйымдастырды. Оның барысында филиппиндік дәрігерлер біздің тәжірибе, технология және емдеу тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алды.
Мұндай ынтымақтастық медицина мамандарына жаңа көкжиек ашып, халықаралық байланысты нығайтуға ықпал етеді. Тәжірибе алмасу екі жаққа да пайдалы болды деп сенеміз!