1973 жылы туған науқас Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) жоспарлы түрде қос жармалы илеостома диагнозымен жатқызылды.
Осы жылы көктемде ҚЖШККА хирургиялық бөлімшесінде оған шұғыл түрде аш ішектің перфорациясына және жайылма іріңді фибриндік перитонитке байланысты қос жармалы илеостома орнатумен лапаротомия отасы жасалған болатын.
Үш айдан кейінгі тексеру кезінде хирург Нұрхат Есенбеков илеостоманы жоспарлы түрде жабуды ұсынды.
1,5 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Хирургиялық араласу кезінде оң жақ мықын тұсы илеостомасының ішастардан тыс резекциясы және «бүйірден екінші бүйірге» аш ішек анастомозы, сонымен қатар құрсақ қуысына білте қою жүргізілді.
Отаны құрамында тәжірибелі мамандар: жоғары санатты хирург Нұрхат Есенбеков, резидент Аман Беркінбай, анестезиолог Мамуржан Юлдашов және оталық медбике Әсел Надырова бар топ жүзеге асырды.
Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті.
«Аш ішектің перфорациясы абдоминальды хирургияда өзекті мәселе болып қала береді және статистикалық мәліметтерге сәйкес, ол іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық патологиясы арасында 0,37%-2,3% жағдайда кездеседі», – деп атап өтті Нұрхат Есенбеков.