Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: “Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: “Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер бар. Алматыдағы Джувашевтер әулетінен 13 адам медицина саласын таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі – 375 жыл”, – деп еліміздің денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан дәрігерлер ретінде біздің аурухананың директоры Джувашев Алмаз Болатұлының әулетін ерекше атап өтті.
Бұл – біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік.
Бұл әулет бірнеше буын бойы медицинаны серік еткен, жүздеген өмірді сақтап, мыңдаған адамға үміт сыйлаған ұлт жанашырларының тегі.
Олардың қатарында облыстық деңгейдегі басшылар, ғылым кандидаттары мен профессорлар, офтальмологтар, неврологтар, психиатрлар, нейрохирургтар бар.
Алмаз Болатұлының әкесі – Джувашев Болат Еділбайұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Алматы облысы денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан тұлға.
Ауруханамыздың директоры Алмаз Болатұлы еңбек жолын кіші мейіргер қызметінен бастап, бүгінде ірі медициналық ұйымның басшысы ретінде жауапты қызмет атқарып келеді. Бұл – тек жеке жетістік емес, тұтас әулеттің, отбасылық тәрбиенің, кәсіби рухтың нәтижесі.
Біз осындай кәсіби, еңбекқор тұлғаны басшымыз ретінде мақтан тұтамыз және Джувашевтер әулетінің биік рухы мен жауапкершілігін болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат етеміз.
Алмаз Болатұлы, құттықтаймыз!