Құрметті әріптестер!
Аурухана әкімшілігі Aqniet кәсіподағының ауруханадағы төрағасымен бірге 60 жасқа толған қызметкерлерді:
• ауруханамыздың жүргізушісі – Жүнісов Бақтияр Құсманұлы және
•неврология бөлімінің буфетші-кіші медбикесі Сапарбаева Зовра Орунбаевнаны торқалы мерейтойымен құттықтады.
Оның үстіне осындай айтулы күні біз Тамара Кетпенбаевнаны зейнетке шығарып салдық.
Мерейтой иелерін құттықтаймыз!
Алпыс – тал түс. Алда әлі талай асу мен белес-бедел бар. Сіздерге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!
Тамара Кетпенбаевна, жылдар бойы мінсіз еңбек еткеніңіз үшін алғыс айта отырып, лайықты демалысыңызда жаңа жарқын әсер мен қуанышты сәттер тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен жақсылыққа толы болсын!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы