Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Республика күніне орай жиналыс өтті.
Жиналыс барысында марапаттар табысталып, қызметкерлердің кәсібилігі мен еңбегі жоғары бағаланды.
Әкімдік пен аурухана басшылығы тарапынан әрқайсы өз саласында үлгілі еңбек етіп, аурухананың дамуына үлес қосып келе жатқан жалпы 16 қызметкер – дәрігерлер, медбикелер, техникалық және қызметтік персонал – алғыс хатпен марапатталды.
Келе жатқан Республика күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әр отбасыға береке мен амандық серік болсын!







