Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз орталығында өткен “Кене белсенділігі маусымы және кене энцефалитінің алдын алу” тақырыбындағы брифинг спикерлерінің бірі Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Омаров Бауыржан Болатұлы болды.

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз орталығында өткен “Кене белсенділігі маусымы және кене энцефалитінің алдын алу” тақырыбындағы брифинг спикерлерінің бірі Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Омаров Бауыржан Болатұлы болды.
– Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына үстіміздегі жылы сәуірдің 1-і мен 30-ы аралығында кене шаққан 40 ересек адам түсті. Кене шағудан зардап шеккендердің 16-сынан кенені ауруханада шығарып алса, 15 адам кенені өздері алып тастаған, тағы 9-ы шығарып алған кенені өзімен бірге әкелген. Ауруханамызға кене шағумен жүгінген 40 адамның бәрі кене иммуноглобулинін алды.
Алматы бойынша кене шағу ықтималдығы жоғары аймақтарға: Көк-Төбе, Бутаковка, Медеу, Алмарасан шатқалы жатады. Кенелер наурыздан қазанға дейін белсенді болады. Ең қауіпті деген кезең – сәуір-маусым аралығына келеді. Олар көбіне шөпте болады, бұталарда да болуы, тіпті ағашқа да көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ қала ішінде, олар негізінен саябақтарда, жаяу жүретін жолдардың жанында, биік шөп өсетін жерлерде кездеседі. Кенелер күн сәулесін ұнатпайды, сондықтан көлеңкеде тығылады. Ең қауіпті аймақ таулы жер болып саналады.
Кенелердің белсенділігі ауа-райына – температураға, ылғалдылыққа тікелей байланысты екенін атап өті керек. Кене орташа тәуліктік температура +3-+5 градус болғанда оянып, +15 градуста белсенділігі арта түседі. Медициналық көмекке жүгінетін тұрғындардың ең көп саны әдетте мамыр айындағы мерекелерге дөп келеді. Бұл ауа-райының жақсарып, мерекелік демалыс күндерінде қала тұрғындарының кенелердің «табиғи ошақтарында» демалатынына тікелей байланысты.
Кене шағудан қорғаныс шараларына, ең бірінші, киімді бейімдеу кіреді. Бұл үшін жағаны, манжетті мықтап бекітіңіз, көйлекті шалбарға, шалбарды аяқ киімге немесе шұлыққа салыңыз. Іш киім денеге тығыз болуы керек. Құлақ пен бас терісін қорғау үшін бас киім киген не орамал байлаған жөн.
Дененің ашық бөліктеріне, сондай-ақ киімнің үстіне аймақтағы дәріханалар мен сауда желілерінде сатылатын арнайы репелленттерді қолдану артық болмайды.
Киіміңіз бен дененің келесі бөліктеріне ерекше назар аудара отырып, мұқият сағат сайын тексеріп отырыңыз: мойын, қолтық, шап, құлақ – бұл жерлерде тері нәзік және жұқа, ал кене сондай жерге жабысады. Кене табылса, оны жаншуға, жұлып алуға болмайды. Кене қанды берік орныққаннан кейін сора бастайды, бұл әдетте 1,5-2 сағатқа дейін созылады, сондықтан өзін-өзі және өзара тексеру зор маңызға ие әрі кенені дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Орманнан шығарылған барлық заттар, шөп-шалам, гүл, сондай-ақ жануарлар мұқият тексеруден өту керек.
Кенелердің басты қаупі – олардың кейбіреулері вирустық ауру – кене энцефалитін таратады. Кене шаққан соң, біраз уақыттан кейін адам мидың қабынуынан туындаған қатты бас ауруларын сезіне бастайды. Бұл инфекцияның белгісі.
Кене энцефалиті ағзаға жабысқан кененің шағуы немесе ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішуден туындауы мүмкін. Көктем мен жазда кенелер адамға күннің немесе түннің кез келген уақытында жабысуы мүмкін. Киімге жабысқан кене терісі жұқа жерлерге қозғалады: құлақтың артына, мойынға, қолтыққа, шапқа және т.б. Кенені денеден бірден алып тастағаннан кейін де ауруға шалдығу қаупі сақталатынын баса айту керек. Кене энцефалиті 2-3 апта ішінде дамиды. Кенені терінің бетінде жаншып тастаса – терідегі кішкентай жара – микротравмалар арқылы вирус қанға тез еніп кетуі мүмкін.
Кене энцефалитінен арнайы вакцинация тиімді қорғайды. Ол инактивацияланған вакцинамен үш кезеңде жасалады – бірінші вакцинация (V1) күзде: қазан, қараша айларында; екіншісі (V2) көктемде наурыз, сәуір айларында; үшінші (RV) бір жылдан кейін көктемде наурыз, сәуірде салынады және үш жыл бойы иммунитетті сақтауға мүмкіндік береді, содан кейін тағы бір реттік вакцинация қажет (RV қашықтан). Бірақ вакцинацияны алдын-ала жасай бастау керек екенін есте ұстаған жөн, өйткені соңғы егу жазғы маусым басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жасалуы керек.
Вакцинация терапевт тексергеннен кейін кене энцефалитінің эндемиялық аймағында тұратын адамдарға көрсетілген. Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханадағы терапевт маман қай жерде вакцинация жасауға болатыны туралы айтып бере алады.
Үй жануарларына қатысты айтатын болсақ, пироплазмоз – иксодид кенелері тудыратын иттердің жұқпалы емес ауруы. Басқа жануардан пироплазмозды жұқтыру мүмкін емес – бұл жұқпалы емес ауру. Ол кене шаққанда туындайды – аурудың қоздырғыштары оның сілекей бездерінде орналасады, сол жерден жара арқылы иттің қанына өтеді. Ауру айқын маусымдық сипатқа ие. Пироплазмоздың ең көп саны наурыздан маусымға дейін және тамыздан қарашаға дейінгі кезеңде байқалады.
Егер сізді кене шақса:
-Кене энцефалитін жұқтыру қаупін азайту үшін алғашқы 72 сағат ішінде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
-Кенені өзіңіз алып тастамағаныңыз жөн, ал егер алып тастаған болсаңыз, оны контейнерге салып, қақпақты мықтап жауып, медициналық қызметкерлерге беруіңіз керек.
Егер:
– кене шаққан орында қызыл дақ пайда болса;
– лимфа түйіндері үлкейсе;
– температура көтерілсе;
– бас ауруы немесе бұлшықет ауруы орын алса;
– бүкіл денеде бөртпе пайда болса
дәрігерге міндетті түрде қаралуыңыз керек.
Есіңізде болсын:
• Кенені сықпаңыз!
• Кенені күйдірмеңіз!
• Қолмен кенені алып тастамаңыз!
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында кене шаққан кезде көрсетілетін көмек Қазыбек би көшесі, 96, мекен-жайы бойынша қабылдау бөлімшесінің жедел жәрдем бөлмесінде тәулік бойы көрсетіледі. Тел.: 2923101.