Науқан аясында аурухана айналасындағы аумақты тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту және қаланы қысқы кезеңге дайындауға бағытталған “Таза Қазақстан” науқанына белсенді қатысып отыр.
Науқан аясында аурухана айналасындағы аумақты тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл тек тазалықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге қоғамның осындай шараларға белсенді қатысуын қолдауға бағытталған.
Науқан аясында аурухана қызметкерлері:
– ауруханаға жақын аумақты қоқыстан және жапырақтан тазартты;
– тротуар, жасыл аймақ және инфрақұрылым нысандары маңын ретке келтірді;
– жиналған қоқысты шығару жұмысын ұйымдастырды.
Баршаңызды осы бастаманы қолдауға шақырамыз!
Сүйікті қаламыз Алматыны бірге таза етіп, қысқы маусымға дайындайық, туған қаламызға қамқорлық жасау үлгісін көрсетейік.