«Aqniet» Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алматы филиалы медициналық ұйымдар қызметкерлерінің балалары үшін жаңа жылдық мереке өткізді.
Осылайша Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлерінің 30 баласы арнайы ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысса, тағы 30 бала ата-анасымен театрдағы жаңа жылдық көрсетілімге барып, жаңа жылдық сыйлық алды.
Балалар зор қуанышқа бөленіп, мәз-мейрам болды. Ата-аналар кәсіподақ құрамы мен әкімшілікке балалар үшін ұйымдастырылған осындай жаңа жылдық мереке мен сыйлықтар үшін шын жүректен алғысын білдірді.