ҚЖШККА урологтары алматылықтың қуығынан 65 тасты алып тастады
Науқасқа жасалған УДЗ, КТ зерттеу кезінде дәрігерлер қуықтың «тасқа» толғанын көрді. Ең үлкен тастардың диаметрі 0,5-тен 3 см-ге дейін жетті, олардың жанында бір уыс ұсақ тас болды.
Кейінгі асқыну, атап айтқанда зәр шығару жолдарының созылмалы қабынуының алдын алу үшін мамандар шұғыл түрде тастарды алып тастау отасын жасады.
Ота 2,5 сағатқа созылды.
Нәтижесінде 74 жастағы науқастан жалпы массасы 350 г болатын тастардың тұтас «ұясы» алынды.
Отаны урология бөлімінің меңгерушісі Ғани Амиров пен ординатор дәрігерлер Рустам Гасанов, Бағлан Есенқұлов, резидент дәрігер Ғалым Темірбек жасады.
– Бұл біздің бөлімде ең жиі жасалатын отаның бірі. Күніне осындай қуықтан атас шығаратын 3-4 ота жасаймыз. Сондықтан, ауыр асқынудың алдын алу үшін өз денсаулығыңызды күтіп, ағзаңызды қадағалап отыру керек екенін еске салудан жалықпаймыз. Мұндай жағдай несеп-жыныс жүйесінің кез келген мәселесі бойынша маманға уақтылы көрінудің маңыздылығын көрсетеді, – деп атап өтті бөлім меңгерушісі Ғани Әміров.