2023 жылғы қазанның 6-7 аралығында Алматыда «Ультрадыбыстық диагностиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысуымен ультрадыбыстық диагностика мамандарының конференциясы өтеді.
Конференцияның негізгі мақсаты – ультрадыбыстық диагностика мамандарын әр түрлі ауруды диагностикалаудың жаңа және тиімді әдістері туралы ақпараттандыру, заманауи медициналық технологияларды клиникалық тәжірибеге енгізуді жеделдету.
Екі күн бойы конференцияда медицинаның осы маңызды саласының соңғы жетістіктері талқыланады. Конференцияда акушерлік және гинекология, қан тамырлары патологиясы, онкология және шұғыл медициналық көмек, кардиология және педиатрия саласындағы диагностика бойынша баяндамалар тыңдалады.
Спикерлер Қытай, РФ және Қазақстанның жоғары білікті мамандары.
Конференцияға ғалымдар, жетекші ультрадыбыстық диагностика мамандары, тәжірибелік дәрігерлер қатысады.
«Қан тамырлары патологиясы» сессиясының модераторы – Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі, PhD докторанты, МҚУДМҚ вице-президенті – Аденова Гүлжан Молдабекқызы.
Оның үстіне, Гүлжан Молдабекқызы «Астана және Алматы қалаларындағы көпбейінді ауруханалардағы ми қанайналымының жіті бұзылыстары (МҚЖБ) кезіндегі сәулелік диагностикалық қызметтің эпидемиологиясы және ұйымдастырылуы» тақырыбында баяндама жасады.
– Ми қанайналымының жіті бұзылысы қазіргі қоғамның ең күрделі медициналық мәселелерінің бірі болып қала береді. Бұл жағдай оның салдарын барынша азайту және пациенттердің өмірін аман алып қалу үшін дереу диагностика мен араласуды талап етеді.
Мұндай науқастардың өлім-жітімінің артуы ілеспе аурулармен, олардың өте ауыр жағдайда стационарларға түсуімен байланысты (артериялық гипертензия және қант диабетімен ауыратын терапияны сақтамай қараусыз қалған науқастар).
Науқастардың орташа өмір сүру мерзімі науқастың жағдайына және оны көпбейінді ауруханаға кім жібергеніне байланысты. Инсульт алған науқастар үшін ауру түріне қарай жас шегі белгіленді. Ми артерияларының тромбозынан туындаған ми инфарктісі тобы үшін – өмір сүру деңгейі 90 жас, ұйқы артериясы синдромы (жартышарлық) тобы үшін – 80 жас, қыртыстық жартышарға миішілік қан кету үшін – 60, прецеребральды артериялар тромбознан туындаған ми инфарктісі үшін – 60, прецеребральды артериялар эмболиясынан туындаған ми инфарктісі – 60 жас», – деп бөлісті Гүлжан Молдабекқызы.
Мұндай конференциялар медицина мамандарына білімі мен дағдысын кеңейтуге, ультрадыбыстық диагностика саласындағы соңғы жаңалық және ғылыми зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Бұл тез өзгеріп жатқан медицина әлемінде кәсіби өсуге және өзекті болып қалуға тамаша мүмкіндік.