29 қазан – Дүниежүзілік ультрадыбыстық диагностика дәрігері күні
Ультрадыбыстық диагностика дәрігері – көзге көрінбейтінді анықтайтын маман. Оның қырағылығы, кәсіби шеберлігі, сезімталдығы мен жауапкершілігінің арқасында күн сайын талай науқасқа дұрыс диагноз қойылып келеді.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының магистрі Аденова Гүлжан Молдабекқызының басшылығымен қызмет етіп жатқан барша қызметкерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Сіздің еңбегіңіз жоғары дәлдік пен зейінділікті, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндіру – адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Сіздер күн сайын пациенттерге сенім, тыныштық және сауығуға үміт сыйлайсыздар.
Кәсібіңізге деген адалдығыңыз, шыдамдығыңз бен ұқыптылығыңыз үшін алғыс білдіреміз. Әр күніңіз атқарған жұмысыңыздың нәтижесіне деген қанағат сезімімен, пациенттердің сауығу қуанышымен және жаңа жетістіктерге жетуге деген шабытпен өрілсін.
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, өмірде үйлесім мен кәсіби табыс тілейміз. Сіздердің қамқорлығыңыз бен шеберлігіңіз адамдарға саулық сыйлап, әріптестеріңізге үлгі бола берсін.
Құрметпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы


