29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні.

29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында біз бұл күнге ерекше мән береміз, өйткені біздің инсульт орталығы Аяғанова Лаззат Базарбекқызының жетекшілігімен инсультке шалдыққан науқас атаулының өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіру үшін күн-түн демей жұмыс істейді.
Инсульт – тез әрекет етуді және білікті көмекті қажет ететін ауыр ауру.
Бұл күні өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына мұқият болуыңызды сұраймыз. Инсульттің негізгі белгілерін біліп, үрей тудыратын нәрсені байқасаңыз, жедел жәрдем шақыруды кешіктірмеңіз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы