29 қазан – Бүкіләлемдік инсультке қарсы күрес күні
Инсульт – әлем бойынша мүгедектік пен өлім-жітімнің негізгі себебінің бірі. Бұл күні бүкіл әлемде дәрігерлер мен қоғам өкілдері инсульттің алдын алу, алғашқы белгілерін тану және уақтылы көмек көрсетудің маңызына назар аударады.
Қазақстанда жыл сайын 42 мыңнан астам жаңа жағдай тіркеледі.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының үшінші деңгейлі инсульт орталығында тәулік бойы
жүйке жүйесінің қан айналымы бұзылысы бар науқастарға халықаралық стандарттарға сай
жоғары технологиялық интервенциялық түрлі емшара орындалып, жедел көмек көрсетіледі.
Орталықтың мақсаты – инсульттен кейін ағзаның қызметін барынша қалпына келтіру және қайталану қаупін азайту.
Орталық 30 төсек-орынға есептелген және жоғары санатты дәрігер-невропатолог Аяганова Лаззат Базарбековнаның басшылығымен қызмет көрсетіп келеді.
Орталықтың тәжірибелі мамандары тәулік бойы жұмыс істеп, шұғыл жағдайдағы науқастарға уақтылы әрі тиімді көмек көрсетеді.
Инсульт белгілерін білу – өмірді сақтап қалудың алғашқы қадамы. Егер кенеттен бет бұлшықеттері қисайса, қол немесе аяқ әлсіресе, сөйлеу бұзылса – шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыру керек.
Біздің мақсатымыз – әрбір науқастың өмірін, денсаулығын және болашаққа деген сенімін сақтау.
Баршаңызды өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарауға және инсульттің алғашқы белгілеріне бейжай қарамауға шақырамыз.
Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда!


