Сәуірдің 28-і – Жедел жәрдем қызметкерлері күні
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы Жедел медициналық жәрдем қызметін кәсіби мерекемен құттықтайды.
Жедел жәрдем қызметі денсаулық сақтау саласының алдыңғы шебіндегі маңызды көмектің бірі. Жылдамдық пен шыдамдылықты, кәсіби біліктілікті қажет ететін медицинаның бұл саласында қызмет ету – бәрінің қолынан келе бермейді. Жедел жәрдем дәрігері тәуліктің кез келген уақытында, кез келген ауа-райында пациенттің шақыртуына барып, ең алғашқы көмекті көрсетеді.
Құрметті әріптестер, Сіздерге зор денсаулық, таусылмайтын қуат, шыдамдылық пен төзімділік тілейміз!