Қаламызда сәуірдің 8-інде “Алматы – біздің ортақ үйіміз” науқаны басталған болатын.
Мамырдың 8-іне дейін бір ай бойы жалғасатын науқанға әрбір тұрғын қатысып, қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
Науқан барысында тазалау, жөндеу, жуу, қаланы сәндеу, абаттандыру, көшеттендіру және т.т. сияқты жұмыстар жүргізілмек.
22-28 сәуір аралығында “Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер” аясында тауларда, өзендер мен су айдындарының жағалауларында, сондай-ақ қаланың саябақтары мен скверлерінде қоқыстан жаппай тазалау және ағаш отырғызылады.
Аталған науқанға Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы да атсалысып, бүгін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Боралдай өзені бойында ағаш отырғызу сенбілігіне қатысты.