26 қазан – Халықаралық колопроктолог күні!

26 қазан – Халықаралық колопроктолог күні!
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы барлық колопроктолог маманды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Колопроктология – медицинадағы ең жауапты әрі нәзік саланың бірі. Дәрігерлердің шеберлігі мен ұқыптылығы пациенттердің өмір сапасы мен жайлығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл сала мамандарынан жоғары кәсіби дайындықпен қатар, сабырлық пен адамгершілік талап етіледі.
ҚЖШККА колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі – PhD, медицина ғылымдарының магистрі, жоғары санатты дәрігер Нуспекова Динара Тулендиевна бастаған барлық қызметкеріне, кәсіби шеберлігі мен өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреді.
Деніңіз сау, еңбегіңіз жемісті болып, абырой мен жетістік әрдайым серігіңіз болсын!