Қазанның 26-27 аралығында Алматыда Орталық Азияда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде денсаулыққа қауіп тудыратын жағдайларға дайындық және әрекет ету жобасы аясында «Химиялық инциденттерге ден қоюдағы қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруға кіріспе және бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі ақпараттық-токсикологиялық орталықтардың рөлі» атты тренинг өтті.

Тренингке Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының терапевт дәрігері, қаланың бас токсикологы Шидерова Наиля Дәулетқызы қатысты.
Қазанның 28-інде «Қазақстанда химиялық заттармен уланған жағдайда жаппай іс-шаралар өткізу» жобасының қатысушысы ретінде Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына химиялық инциденттер және ақпараттық-токсикологиялық орталықтар бойынша сарапшы Ракель Дуарте-Дэвидсон келді.
Қабылданған келісімге сәйкес ҚЖШККА ХҒТО мәліметтер базасына сәйкес жұмысын жалғастырады. Аталған мәліметтер базасына сүйене отырып, инфекцияны анықтауға болады. Жоба 2024 жылға дейін жалғасады.
Ракель Дуарте-Дэвидсон аурухананың жұмысымен танысып, кездесу барысында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.