25 желтоқсан – Психолог күні

25 желтоқсан – Психолог күні
Дәл осы күні 1879 жылы неміс дәрігері, физиологы және психологы Вильгельм Вундт экспериментальды психологияның алғашқы зертханасын құрған.
Ауруханада жұмыс істейтін медициналық психологқа пациентті қарауға реабилитолог дәрігер, невропатолог, реаниматолог өтініш береді. Медициналық психолог науқастың психологиялық диагностика нәтижесі ауру тарихына қосады.
Медициналық психолог кәсіби қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
• Диагностикалық;
• Кеңес беру;
• Зерттеу;
• Алдын алу;
• Түзету;
• Оңалту.
Медициналық психолог науқастарға стресс жағдайларын жеңуге, ауруға дұрыс көзқарасты қалыптастыруға және қалпына келтіру мотивациясын арттыруға көмектеседі.
«Ауруханада жұмыс істей отырып, пациенттердің медициналық психологтың кім екенін және оның не үшін қажет екенін білмейтінімен жиі кездесемін. Медициналық психолог психиатр емес екенін атап өткім келеді. Психолог психикалық сау адамдармен жұмыс істейді, оларға ауруды жеңуге, хирургиялық отаға психологиялық тұрғыдан дайындалуға және стресс жағдайларынан шығуға көмектеседі», – дейді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының психологы Гүлнар Дощанова.
Психологтар «адам жанының хирургтары» ретінде «ауырған» жерді түзетуге көмектеседі. Ең бастысы, психолог тек нұсқаушы екенін ұмытпаңыз. Шешімді қашанда науқастың өзі қабылдайды.
Құрметті психолог мамандар, сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Сіз жан тыныштығын қалпына келтіресіз, позитивке бөлейсіз, адамдарға күш пен жағымды эмоциялар бересіз. Қуатыңыз таусылмасын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы