Ақпанның 23-24 аралығында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ҚЖШККА) «Трансплантологиялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.

Ақпанның 23-24 аралығында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында (ҚЖШККА) «Трансплантологиялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.
Бүгін ҚЖШККА базасында екі күнге арналған «Трансплантологиялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» атты семинар-тренингтің бірінші күні өтті.
Оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы (ТЖТМҚҮРО) ұйымдастырды.
Шараға түрлі клиникалық мамандықтағы дәрігерлер: анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, нефролог, невролог, хирург, уролог, терапевт, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы саласындағы мамандар қатысты.
Семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің трансплантологиялық үйлестіру және донорлық процесті тиімді ұйымдастыру саласындағы кәсіби біліктілігін арттыру.
Бүгін қатысушылар органдарды донорлау мен транспланттауға қатысты заңнамалық және халықаралық аспектілерді талқылады.
Орталықтың донорлық ағзаны транспланттау және аллокациялау жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы Қайрат Иманбaев қолданыстағы нормативтік-құқықтық база мен трансплантологиялық қызметті дамыту міндеттері туралы әңгімеледі.
Орталық директорының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Назгүл Жильгельдина онлайн форматта «Қалау білдіруден транспланттауға дейін: өлімнен кейінгі донорлықта ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңызы» атты баяндамасын жасады. Ол халықты жүйелі хабардар ету мен донорлық мәдениетті қалыптастырудағы ақпараттық жұмыстың рөлін атап көрсетті.
Арнайы назар әлеуетті донорлардың отбасымен байланыс, этика және қоғамдық ағарту мәселелеріне аударылды.
Қайрат Иманбaев пен Республикалық транспланттаушы үйлестіруші Лейла Исмагамбетова туыстармен сұхбат жүргізудің практикалық тәсілдерін таныстырды.
Күн лабораториялық және клиникалық сүйемелдеу, сондай-ақ «донор-реципиент» жұптарын жеке таңдау мәселесімен аяқталды.
Алматы Қан орталығының өкілі Шамшия Аманкулова және Лейла Исмагамбетова тексеру алгоритмдері, иммунологиялық үйлесімдік принциптері және қызметтің ұйымдастырушылық өзара әрекеттесу механизмдерін таныстырды.
Семинар жұмысы ертең жалғасады.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табысталады.