2 қазан – Дүниежүзілік уролог күні
Бүгін біз несеп-жыныс жүйесі денсаулығының маңызын айтып, өмір сапасына айтарлықтай әсер ететін ауруларды диагностикалау мен емдеуде маңызды рөл атқаратын урологтарды құттықтап, алғыс білдіргіміз келеді.
Күн сайын емделушілерге денсаулығы мен өзіне деген сенімін қалпына келтіруге көмектесетін тәжірибелі урологтарымызды бүгінгі төл мерекемен құттықтаймыз.
Сіздің кәсіпқойлығыңыз, жанашырлығыңыз және жоғары деңгейге ұмтылуыңызды мақтан етеміз!
Күн сайын көптеген науқасқа ауруды жеңуге және денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетін урологтарға адалдығы бен кәсібилігі үшін көп рахмет!
Құрметті урологтар, сіздің еңбегіңізді жоғары бағалай отырып, сізге зор денсаулық, күш-қуат және игі ісіңізге шабыт тілейміз!
Құрметті оқырман қауым, профилактика, жүйелі түрде тексерілу және салауатты өмір салтын таңдаудың маңызын есте ұстайық. Денсаулық – зор байлық. Тұрақты тексерулер мен аурудың алдын алу – сіздің әл-ауқатыңыздың кепілі. Егер сіз алаңдатарлық белгілерді байқасаңыз, маманға көрінуді кешіктірмеңіз.
Баршаңызға зор денсаулық және урологтарымызға игі ісінде табыс тілейміз!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы