Сәуірдің 15-і – Халықаралық зертханалық диагностика маманы күні
Аталған мамандардың жұмысы көзге көрінбейді, содан болар пациент атаулының көбі бұл мамандардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін түсіне бермейді.
Көзбен анықтауға болмайтын нәрсені, адам ағзасындағы химиялық элементтер үрдісін, олардың өзара әрекеттесуін зертхана мамандары ғана анықтай алады.
Клиникалық диагностикалық зертхана жұмысы Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының маңызды да қажетті бөлімінің бірі.
Клиникалық диагностика бөліміне Тажиева Элеонора Абжеловна жетекшілік етеді. Мұнда көптеген зерттеу, соның ішінде сирек кездесетін және бірегей сынақтар да жүргізіледі.
Зертхана қызметкерлерінің жұмысы талдау нәтижелерінің дәлдігі мен жоғары сапасына негізделеді. Себебі науқасқа қойылатын диагноз осыған тікелей байланысты.
Құрметті әріптестер, кәсіби мерекеңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы