2023 жылғы 13-14 қазанда Алматы қаласында халықаралық қатысумен өтетін «Нейрохирургияның өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Халықаралық конференцияны ұйымдастырушылар: С.Д.Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университетінің нейрохирургия кафедрасы, Қазақ нейрохирургтар қауымдастығы, Алматы қаласы нейрохирургтар бірлестігі, №7 қалалық клиникалық аурухана.
Конференцияда нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеу, ми мен жұлынның, перифериялық жүйке жүйесінің, функционалдық және қан тамырларының нейрохирургиясының әр түрлі ауруларын хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін енгізуге қатысты мәселелер қаралды.
Конференцияға алыс және жақын шет ел (Литва, Грузия, РФ, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, БАӘ) мен Қазақстанның нейрохирургия саласындағы жетекші сарапшылар қатысып отыр.
Халықаралық конференцияның мақсаты жетекші қазақстандық және шетелдік нейрохирургтардың отандық нейрохирургиялық қызметінің қазіргі жағдайын, оның дамуының басым бағыттарын талқылау болып табылады.
Осындай конференциялардың арқасында кең ауқымды дәрігерлер мен зерттеушілер заманауи әлемдік үрдіс пен инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі бойынша баға жетпес тәжірибе мен ақпарат алады.
Конференцияға Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының директоры Алмаз Джувашев бастаған нейрохирургия және сәулелік диагностика бөлімшелерінің ұжымы да қатысты.
Конференция халықаралық байланысты нығайту және шетелдік жетекші клиникалармен өзара тәжірибе алмасу үшін пайдалы. Түпкі мақсат – нейрохирургия саласындағы науқастарға практикалық көмек көрсетуді жақсарту.