Мамырдың 12-13 күндері мейірбике күніне орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алаңында “Мейірбике ісін дамыту. Қазіргі уақыт. Болашақ” халықаралық форумы өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпараты бойынша, жыл сайын Қазақстанда оқу орнын 23 000 орта медициналық қызметкер, оның ішінде 6000-ға жуық медбике, 3000 практик бітіреді. Қазіргі уақытта колледжде оқитындар 93 мыңнан астам болашақ медицина қызметкерін құрайды. Олар мейірбике ісі, акушерлік-емдеу ісі, фармация, зертханалық диагностика, стоматология, ортопедиялық медициналық оптика сияқты 9 мамандық бойынша оқып жатыр.
Орта буындағы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің үлесі ең көп және бүгінде ел бойынша 188 мың адамды құрайды, оның ішінде ауылда 54 мың мейірбике жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық форумда баяндамашылардың ішінде Финляндиядан JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің доценті, аға кеңесшісі Йоханна Хейкилла және Ресейде мейірбике ісінің дамуы, ондағы мейірбикелер қауымдастығының жұмысы, Қазақстанмен байланыс арқылы мейірбикелік істі жетілдіру тақырыптарында баяндама жасаған ресейлік әріптестер болды.
Форумға Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасынан гинекология бөлімшесінің аға медбикесі Айсұлу Смагулова қатысып, «Операциялық рәсімдер стандарттарын енгізу», «Клиникалық мейіргерлік нұсқауларды практикалық денсаулық сақтауға енгізу» атты мастер-кластарынан сертификатқа ие болды.