100 жас – шек емес: Мария апа ауыр жарақаттан кейін қайта аяққа тұрды
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жуырда ерекше науқас жасы жүзге толған Мария апа түсті. Үйінде байқаусызда құлап қалған әжейге жедел жәрдем қызметі дер кезінде көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Тексеру барысында сол жақ жамбас сүйегінің сүйек бөліктері ығысқан күрделі сынуы анықталды.
Мұндай диагноз – кез келген жан үшін ауыр соққы. Ал ғасыр жасаған адам үшін бұл – өмір мен өлім арасындағы сын сағаты.
Дегенмен дәрігерлер бұл жағдайдан қаймықпады. Мария апа ауруханаға жеткізілген күні-ақ оған шұғыл түрде жабық репозиция және остеосинтез әдісімен «Гамма» типті интрамедуллярлық штифт арқылы жамбас сүйегін бекіту отасы жасалды. Бар-жоғы 30 минутқа созылған бұл ота сәтті өтті.
Травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Медет Жанысов, ассистент Исламбек Нұрмахашев, анестезиолог Әлібек Сатыбалдиев және оталық медбике Әсел Абылғазинова – осы білікті мамандардың үйлесімді еңбегінің арқасында Мария апа бірнеше күннен кейін жүріс құралымен қозғала бастады.
Отадан соң жетінші күні апаның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, амбулаториялық ем алу үшін үйіне шығарылды.
– Жүз жастағы адамның қайтадан аяққа тұрғанын көру – біз үшін үлкен қуаныш. Бұл – уақытында көрсетілген медициналық көмектің, заманауи емдеу әдістерінің және Мария апаның өмірге деген құштар