Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Біздің келесі дәрігеріміз сізге «Психологтың кеңестері» айдарымен таныс
Дощанова Гульнара Халидиновна
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының психологы
Еңбек өтілі – 25 жыл
– Көптеген психологтар сияқты, мен де еңбек жолымды мектепте бастадым, – дейді Гүлнар Халидинқызы. – Кейін балабақшада, түрлі оқу орталықтарында жұмыс істедім. Ұзақ уақыт бойы психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемеде қызмет еттім. Осы мекемеде мен зор тәжірибе жинадым. Содан кейін біраз уақыт ОҚКА-да, ал 2020 жылдың қазанынан бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында психолог болып істеймін.
– Психологияны таңдаған себебім – адамдарға деген ерекше қызығушылығым. Адамның проблемаларын тыңдаймын, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Маған адамдарға өз проблемаларын түсінуге көмектескен ұнайды. Басқа адамның көңіл-күйін өте жақсы сезінемін, оның қажеттіліктерін болжай аламын. Психолог мамандығы көбінесе адамға «көмекші» ретінде саналады, мен бұл пікірмен толығымен келісемін. Адамға көмектесу – менің жұмысымдағы басты міндет және басты қозғаушы күш. Бірақ мен сиқыршы емеспін. Физикалық түрде емдемеймін, тек жан жарасын емдеуге көмектесе аламын. Әр пациент өзінің ерекше хикаясымен келеді. Бұл менің көз алдымда жазылып жатқан кітап сияқты. Адамдар өз өмірінің хикаясын өздері жазады, бірақ мен оларға оқиға желісін «бақытты аяқтауға» көмектесе аламын. Міне осы жайт мені өз мамандығыма қатты баурайды.
– Қазір ауруханаларда психологтардың жұмысы белсенді жүріп жатқаны қуантады. Әр адам дерлік ауруханада емделу кезінде нақты не болып жатқанын, дәрігерлер не істейтінін, емдеудің қандай жолдары бар екенін түсіне бермейді. Мұнда медициналық қана емес, психологиялық көмек те керек. Науқасқа нені, қашан және қалай айту керек, онымен не болып жатқанын қалай түсіндіру керек – бәрі маңызды. Осылайша, ауруханалардағы психологтардың белсенді жұмысы медициналық көмек көрсетуге деген заманауи көзқарастың көрінісі болып табылады, мұнда тек соматикалық емес, сонымен қатар науқастың эмоционалдық жағдайына көбірек көңіл бөлінеді.
– Менің басты міндетім – маған кеңес алу үшін келген әрбір адамға оның барлық әлеуетті психологиялық ресурстарының ашылуына көмектесу, – деп түйіндеді Гүлнар Дощанова.
Гүлнар Халидинқызы – қызыл аймақта жұмыс істеген және қазір де жұмыс істеп жатқан жалғыз психолог. Сонымен қатар, ол ресми сайтта жеке блогы бар мемлекеттік клиниканың психологы