Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Смаилов Сабыр Рахимберлиевич
Жоғары санатты мейіргер
Еңбек өтілі – 14 жылдан астам
2006 жылы Алматы медициналық колледжін бітіргеннен кейін, гипс технигі қызметін атқарып келеді.
– Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2010 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеймін. Гипс техникасы және гипсті қолданудың негізгі ережелері бар, оларды қатаң сақтау керек. Мен жұмыс істегелі 50 мыңнан астам гипс салдым. Өз кәсібімді, жұмысымды жақсы көремін, әрі бағалаймын. Маған гипс салған ұнайды. Мен үшін бұл жеке өнер түрі сияқты, – дейді Сабыр Смаилов.
– Қазіргі уақытта КВИ-ге байланысты мен уақытша емшара бөлмесінде мейіргер болып істеймін. Коронавирусқа қатысты жағдай әлі тұрақталмағанын айтқым келеді. Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлауыңыз керек. Сақтанып жүріңіздер! Дендеріңізге саулық тілеймін, ауырмаңыздар!