АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІНДЕГІ АҚ ХАЛАТТЫ БАТЫРЛАРДЫҢ ПОРТРЕТТЕРІ

Қала күніне орай Алматыда өте әсерлі көрме ашылды. Метро эскалаторлары мен жарықдиодты экрандар пандемия кезінде майдан шебінде жұмыс істеп, өз өмірлерін қатерге тіккен медицина қызметкерлерінің портреттерімен безендірілген. Іс-шараға Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, N29 емхана, Жедел жәрдем қызметі, N1 қалалық клиникалық аурухана, Орталық қалалық клиникалық аурухана, N17 емхана, И.С. Жакенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Қалалық балалар инфекциялық ауруханасынан барлығы жүз дәрігер, медбике мен мейіргер қатысты.
Көрме дәрігерлерге алғыс, олардың еңбегіне құрмет пен ерліктің белгісі ретінде ұйымдастырылды.
Фотосессияға карантиннің алғашқы күндерінен бастап, уақытша провизорлық орталыққа айналған Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері де қатысты. Олар – гинекология бөлімінің меңгерушісі Қалдыгүл Жұмабаева, инсульт бөлімінің меңгерушісі Лаззат Аяғанова, хирургия бөлімінің бастығы Бахтияр Бекішев, дәрігер Тимур Райымжанов, медбикелер Ақмарал Сахул, Бақтықұл Алмасова, Гүлмира Дүмшебаева және мейіргер Бақыт Үсен. Осынау қиын-қыстау күндерде отбасы мен жақындарынан алшақ жүріп, адам өмірін сақтап келген және қазір де өз міндеттерін атқырып жатқан ақ халатты абзал жандарға бас иеміз!