Ішіп, мерекенің шырқын бұзу азайды!

Алматы қаласының дәрігерлері 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні өткен жаңажыл тәулігі тыныш өткендігін байқаған. ЖШКК ауруханасына жаңа жылдың бірінші тәулігінде келіп тсүкен пациенттер саны қарапайым күндері түсетін пациенттер санындай болды. Соңғы жылдары алғаш рет пиротехникадан жарақат алған және ішімдіктен уланғандар көптеп түспеді. Көбінесе, шұғыл медициналық жәрдеммен ауруханаға жеңіл жарақат алған, терапевтік аурулармен ауратын адамдар жеткізілді, тек бір адам төбелестен зардап шеккен.

Бұрында Алматы қалалық наркологиялық орталығы да маскүнемдердің саны 8%-ға азайғанын растады. Бұл тенденцияны дәрігерлер қазіргі кезде адамдардың мерекені бұрынғыдай жетесіз тойлауды доғарғанымен, сондай-ақ, Жаңа Жыл қарсаңында орын алған авиаапаттың көпшілікке әсер етуімен байланыстырады.