1. Жаднама
Құрметті емделушілер !
Сіз біздің ауруханаға өз денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін келесіз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ауруханада қабылданған ережелерді сақтауды сұраймыз:
* Науқастарды ауруханаға жатқызу жұмыс және демалыс күндері тәулік бойы жүзеге асырылады
* Ауруханаға жатқанда өзіңізбен бірге жеке куәлік, амбулаториялық көшірме, дәретханалық керек-жарақ, ауыстырып киетін аяқ киім, таза іш киім алуға ұмытпаңыз
* Зергерлік бұйым, құжаттар, ақшаны тапсыру (немесе туыстарына беру) қажет. Егер олай етпесеңіз, әкімшілік жеке заттар, құндылықтар мен құжаттар үшін жауап бермейді!
* Бөлімше тәртібі мен ережелері туралы туыстарыңыз бен жақындарыңызды ескертіңіз
* Сіз және сіздің туыстарыңыз болашақта сөйлесетін дәрігердің аты-жөнін білген жөн.
2. Емделушілердің құқықтары
* Сапалы ем алу құқығы: диагностика және емдеу хаттамаларын, ЭҮП сақтау, бейінді білікті мамандарды ұсыну
* Ақпарат алу құқығы: диагноз, емдеу, оның құны, баламалары, салдары, асқынулары, пациенттің ақпараттандырылған келісімі
* Баламалы ақпаратқа құқық (стандарттардың 4-басылымына сәйкес): ШЖҚ «Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету аурухансы» КМК ішінде болсын, сыртында болсын
* Ақпараттың құпиялылық пен жеке ақпарат құқығы
* Әдептілік пен сыйластық құқығы
* Тілдік, діни және мәдени құндылықтарды есепке алу құқығы
* Мүлікті физикалық қорғау құқығы
* Өмірлік функцияларды қолдайтын реанимациялық іс-шараларды тоқтата тұру құқығы: ҚР заңнамасына қайшы келеді
* Ауырсыну синдромын тиісті бағалау құқығы
* Шағымдарды білдіру және жанжалдарды шешу құқығы: өтініш жәшіктері, сауалнамалар, шағымдарды басқару бөлімі.
3. Науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметі
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес ҚЖШККА-да науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылды. Егер сіз ҚЖШККА-да медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз. Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және стационарлық көмек көрсету Ережелеріне сәйкес мәселені шешуге көмектеседі.
“Жедел желі” сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді: 8 (727) 317-01-69, +7 (708) 482-93-29
Сондай-ақ, сіз кез келген сұрақты сенім телефоны немесе науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі арқылы сұрай аласыз, өтініш жазып, біздің www.gbsnp.kz сайтқа немесе Facebook әлеуметтік желісіндегі аурухана парақшасына жібере аласыз.
Ауруханамыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Бас дәрігердің медициналық көмек сапасын бақылау жөніндегі орынбасары – Абдикадиров Бакытжан Танирбергенович