Урология бөлімшесі

Урология бөлімшесі несеп-жыныс жүйесінің аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетеді. Мұнда зәр шығару жүйесінің органдары (несепағар, қуық, несеп шығару өзегі), бүйректің хирургиялық аурулары (ауытқу, жарақат және т.б.), ерлердің жыныс жүйесі мен әйелдердің несеп шығару жолдары аурулары емделеді. Бөлімшеде 25 төсек-орын қарастырылған.

Бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты уролог-дәрігер, Алматы қаласының штаттан тыс урологы

Амиров Гани Кондыбаевич.

Бөлімшеде жұмыс істейтін дәрігерлер:

  • Шыныбаев Талгат Басбулатович – уролог-дәрігер;
  • Гасанов Рустам Алиага Оглы – уролог-дәрігер;
  • Хуров Тахир Исхарович – уролог-дәрігер;
  • Есенкулов Баглан Жамалбекович – уролог-дәрігер.

Бөлімше мамандары емдейтін аурулар:

  • несептас ауруының барлық түрі: кез келген өлшемдегі бүйрек пен несепағардағы тастар;
  • зәр шығарудың бұзылуына әкелетін аурулар: қуықалды безінің аденомасы, қуық мойнының склерозы, уретраның тарылуы, қуық тастары;
  • кез келген көлемдегі және кез келген орналасқан жеріндегі бүйрек жылауығы;
  • гидронефроз;
  • варикоцеле (атабез бауының шоқ көктамыр өрімі тамырларының түйнеліп кеңеюі);
  • атабез қабығының су жиналуы, атабез қосалқысының жылауығы;
  • қуық папилломасы мен ісіктері, несеп шығару өзегінің шел ауруы;
  • созылмалы простатит;
  • созылмалы және жіті цистит;

Бөлімшеде жасалатын оталар:

  • атабез қабығының шеменіне қатысты оталар;
  • циркумцизия;
  • бүйрек жылауығы қабырғаларын алып тастау;
  • нефропексия;
  • нефрэктомия;
  • шәует бауы тамырларының резекциясы;
  • аденомэктомия;
  • нефро-пиело-уретеролитотомия

Эндоскопиялық оталар:

  • түіспелік-лазерлік литотрипсия;
  • перкутанды нефролитотрипсия;
  • икемді уретерореноскоп көмегімен бүйрек тастарын алу;
  • ішкі дренаждау катетерін (стент) орнату/алу;
  • қуықалды безі аденомасына трансуретралды резекция;
  • оптикалық уретеротомия;
  • шәует бауы тамырларының резекциясы;
  • лапароскопиялық ретроперитонеалды кесіп алып тастау.

Заманауи жабдықтың арқасында бөлімше дәрігерлері қуықалды безінің трансуретралды резекциясы, лазерлік литотрипсия, литоэкстракция, сондай-ақ қуық ісігінен биопсия алу сияқты күрделі оталарды жоғары деңгейде орындай алады.