Травматология-ортопедия бөлімшесі №2

№2 травматология және ортопедия бөлімшесі жарақат пен тірек-қимыл жүйесі ауруларын, сондай-ақ ірі және ұсақ буын артроздары (коксартроз, гонартроз), асептикалық некроз, жамбас буынының дисплазиясы, жарақат салдары, табан деформациясы, «Hallux valgus» және басқа да ауруды емдеуде жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді.

Бөлімше 43 төсек-орынға арналған.

Бөлімшені жоғары санатты травматолог-ортопед дәрігер Маханов Сагит Абдижалиевич басқарады.

Бөлімше қызметкерлері

  • Юсупов Руслан Жайхандарович – травматолог дәрігер;
  • Қалдыбай Қуаныш Жақыпбекұлы – травматолог дәрігер;
  • Оналбеков Ералхан Ахмырзаевич – травматолог дәрігер;
  • Монтаев Бахытжан Алмасбекович – травматолог дәрігер;
  • Жамашев Дармен Куатович – травматолог, комбустиолог дәрігер.

Ота айналадағы тінге минималды зақым келтіре отырып, отадан кейінгі асқынусыз жүргізіледі. Қалпына келтіру емі заманауи әдіс арқылы шетелдік (Оңтүстік Корея, Германия, Ресей) реабилитолог мамандарымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Бөлімшеде келесі ота түрі жасалады:

  • Ірі буынды (тізе, жамбас) эндопротездеу;
  • Буын байламының артроскопиялық пластикасы;
  • Ірі буын артроскопиясы;
  • Түзеу остеотомиясы;
  • Артроскопиялық менискэктомия;
  • Саусақ контрактурасы, Дюпюитрен ауруы кезінде ота жасау;
  • Hallux valgus хирургиялық емдеу және табанның басқа да деформациясын түзету.

Бөлімше жарақат пен ірі және ұсақ буын ауруы бар пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсетеді.

Травматологиялық ауруды оталық емдеу ерте оңалту шараларын бастауды қамтиды, бұл науқастың тезірек қалпына келуіне және отадан кейінгі асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Әр пациентке жеке көзқарас пен стационарда жайлы жағдай жасау жүргізілетін емнің барынша тиімді болуына мүмкіндік береді.