Токсикология бөлімшесі

img_8869

ЖШККА-да қоныстанған токсикология бөлімшесі Алматы қаласындағы химиялық жарақаттан зардап шегушілерге шұғыл, тәулік бойы, мамандандырылған токсикологиялық көмек көрсететін жалғыз бөлімше. Бөлімше 32 төсектік оңалту палаталарына, сондай-ақ шаруашылық есептегі 8 төсекке лайықталған. Ауыр дәрежелі уланған науқастарға көмек көрсететін 3 төсектік қарқынды емдеу палатасы бар.img_8878

 

Бөлімшеде клиникалық токсикологияда 10 жылдан астам жұмыс тәжірибелері бар, жоғары және бірінші санаттары бар жоғары білікті дәрігер-токсикологтар, өзін-өзі өлтіруге талпыныс білдірген ауруларға және әр түрлі тәуелділіктегі науқастарға психологиялық көмек көрсетуші дәрігер-психиатр жұмыс жасайды.img_8857

 

Науқастарды қабылдау токсикологиялық қабылдау бөлімшесінде жүзеге асырылады. Бөлімше жанында ауыр науқастарға арналған қарқынды емдеу палатасы бар. Токсикологиялық оңалту бөлімшесі. Емшара кабинеті.

Ағзадан уды тез шығару үшін детоксикацияның хирургиялық әдістері: гемодиализ, плазмоферез қолданылады. Стационарлық емдеуден басқа дәрігер-токсикологтар тұрғындарға телефон арқылы асқынған экзогендік улануларға қатысты, сондай-ақ химиялық улы заттар, соның ішінде дәрі-дәрмектер туралы кез-келген ақпараттық кеңес беру көмегін көрсетеді.

 

Алматы қаласының ҚДСБ штаттан тыс токсикологы – Шидерова Наиля Даулетовна