Токсикология бөлімшесі

Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасының базасында терапиялық бөлімше құрамында токсикология бөлімшесінің үш төсегі бар.

 

img_8878

 

img_8857

 

Науқастарды қабылдау токсикологиялық қабылдау бөлімшесінде жүзеге асырылады. Бөлімше жанында ауыр науқастарға арналған қарқынды емдеу палатасы бар. Токсикологиялық оңалту бөлімшесі. Емшара кабинеті.

Ағзадан уды тез шығару үшін детоксикацияның хирургиялық әдістері: гемодиализ, плазмоферез қолданылады. Стационарлық емдеуден басқа дәрігер-токсикологтар тұрғындарға телефон арқылы асқынған экзогендік улануларға қатысты, сондай-ақ химиялық улы заттар, соның ішінде дәрі-дәрмектер туралы кез-келген ақпараттық кеңес беру көмегін көрсетеді.