Терапия бөлімшесі

Терапия бөлімшесінде шұғыл терапиялық көмек, сондай-ақ МӘМС және ТМККК шеңберінде емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы госпитализация жүргізіледі.

Бөлімшеде 26 төсек-орын бар.

Бөлімше меңгерушісі – жоғары санатты терапевт дәрігер, денсаулық сақтау магистрі Мухамбетова Райхан Утеповна.

Бөлімшеде келесі терапиялық бейіндегі ауруларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі:

– жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары: жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокардтың қабыну аурулары, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы бар перикардиттер, әр түрлі генезді кардиомиопатиялар;

– тыныс алу жүйесінің аурулары: жедел қабыну аурулары (бронхит, трахеит), созылмалы обструктивті өкпе аурулары (бронхит, эмфизема, бронх демікпесі);

– асқазан-ішек жолының аурулары: созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы.

Клиникалық-диагностикалық зертхана кең ауқымды жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл нақты клиникалық диагноз қоюға көмектеседі.

Терапия бөлімшесінің диагностикалық мүмкіндігі науқастың жалпы денсаулық жағдайын бағалауға немесе қолданыстағы диагнозды нақтылауға жеткілікті. Мұнда заманауи диагностикалық аппараттар қолданылып, қажетті барлық зерттеу әдістері, соның ішінде УДЗ, ЭКГ, МРТ, рентген, эхокардиография және басқа да зерттеулер жүргізіледі.

Бөлімше мамандары қысқа мерзім ішінде қажетті зерттеуді жүргізіп, кешенді диагностика жасайды. Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, негізгі және қатар жүретін ауруларды емдеуге арналған толыққанды емдік бағдарлама тағайындалады.

Барлық емдеу шаралары нақты медициналық көрсеткіш бойынша, тәжірибелі дәрігерлердің бақылауымен жүргізіледі. Әр науқасқа жеке тәсіл қолданылып, дәрілік терапия мен динамикалық бақылау әдістері мұқият таңдалады.