Сәулелі диагностика бөлімшесі

Сәулелік диагностика бөлімшесі әр түрлі ағза мен жүйедегі патологияны анықтау, сондай-ақ аурудың ерте кезеңінде алдын алу мақсатында кең ауқымды қызмет пен озық диагностикалық технологияны ұсынады.

Жыл сайын бөлімшеде 70 мыңнан астам түрлі зерттеу жүргізіледі, олардың басым бөлігі шұғыл медициналық көмек көрсету аясында орындалады.

Сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі – Туремуратова Алима Саматовна.

Бөлімше қызметкерлері – тәжірибесі мол дәрігерлер мен зертханашылар, олар жоғары мамандандырылған диагностикалық көмек көрсетіп, барлық зерттеу түрін меңгерген және кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.

Бөлімшеде келесі зерттеулер жүргізіледі:

Рентгенологиялық зерттеулер:

  • Бас сүйек рентгенографиясы;
  • Омыртқаның барлық бөлімінің рентгенографиясы;
  • Кеуде қуысы және іш қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
  • Аяқ-қолдың рентгенографиясы;
  • Контрастты урография;
  • Контрастты фистулография;
  • Контрастты гистеросальпингография.

КТ зерттеулер:

  • Ми компьютерлік томографиясы;
  • Кеуде қуысы мен көкірекаралық ағзалардың компьютерлік томографиясы;
  • Іш қуысы және ішастар арты кеңістігінің компьютерлік томографиясы;
  • Жамбас ағзаларының компьютерлік томографиясы;
  • Сүйек-буын жүйесінің компьютерлік томографиясы;
  • Несеп шығару жолдарының компьютерлік томографиясы;
  • Компьютерлік томографиялық ангиография (артериялар, көктамырлар);
  • Компьютерлік томографиялық аортография.

МРТ зерттеулер:

  • Ми магниттік-резонанстық томографиясы;
  • Іш қуысы және ішастар арты кеңістігінің магниттік-резонанстық томографиясы;
  • Магниттік-резонанстық холангиопанкреатография (МРХПГ);
  • Жамбас ағзаларының магниттік-резонанстық томографиясы;
  • Сүйек/буын магниттік-резонанстық томографиясы;
  • Омыртқа магниттік-резонанстық томографиясы;
  • Перфузияны бағалау, МРТ-трактографиясымен ми магниттік-резонанстық томографиясы.

Профилактика мақсатында бөлімшеде кешенді диагностикадан өтіп, әр түрлі зерттеу әдісін біріктіруге болады.

Артықшылығы:

 

  • Барлық рентген/КТ/МРТ зерттеулері, соның ішінде скопиялық және контрастты зерттеулер тәулік бойы жүргізіледі
  • Түрлі медицина саласында істейтін тәжірибесі мол мамандар;
  • Заманауи жоғары технологиялық жабдық;
  • Әр пациентке ерекшелігі мен қажеттілігі ескерілетін жеке көзқарас;
  • Зерттеу нәтижелерін барынша қысқа мерзімде интерпретациялау.