Физиоемдеу бөлімшесі

dsc_0039

Физиотерапиялық бөлімшесінде дәрігерлер ойдағыдай емдейді жүйке жүйесінің аурулары, тірек-қимыл, тыныс алу, ЛОР-органдарының, жүрек – қан тамырлары жүйесі, ас қорыту органдары.dsc_0020

Келесі бағыттар бойынша  кешенді оңалту шаралары жүргізіледі:

  • неврология (мидың қан айналымының бұзылуы, вертеброгендіаурулар;перифериялық нерв жүйесі аурулары бар науқастарды оңалту);
  • терапия (тыныс алу ағзалары,асқазан-ішек трактілері аурулары);
  • хирургия (тірек-қимыл аппараты аурулары, оталық араласулардан соңғы, соның ішінде буын эндопротездеуінен соңғы науқастарды оңалту).

Біздер үшін бәрінен маңыздысы – ауыр және созылмалы қимыл бұзылуларына ұшыраған науқастарға оларды емдеуде ұзақ мерзімді ілгерілемелі үдеріспен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, барлық команданың негізгі мақсаты әрбір науқастың мінездемесіне ұтымды сәйкес келетін барынша қарқынды және жеке оңалту бағдарламаларын ұсыну болып табылады.

Емдеу-оңалту бағдарламалары өз кезегінде:

  • тыныстық түрін қоса алғандағы емдеу гимнастикасы;
  • физикалық оңалту әдістемешісінің бақылауымен емдеу гимнастикасымен айналысу;
  • тренажер залындағы шұғылдану;
  • еңбекпен емдеуді енгізеді.

Сонымен қатар,классикалық, сегментарлық, нүктелік үгу-уқалау түрлерін ұсынамыз.13754267_951116871677670_7382994835997306713_n

dsc_0022Физиотерапиялық қызмет аурухананың бірінші қабатында орналасқан. Бүгінгі күні физиотерапиялық бөлімшеде:

  • ингаляциялар;
  • магнитті терапия;
  • ультрадыбыстық әдістері;
  • гальванизация, дәрі-дәрмектік электрофорез;
  • УВЧ токтарымен емдеу;
  • емдік денешынықтыру;
  • үгу-уқалау секілді ем-шаралары жүргізіледі.

ЕДШ (ЛФК) залында жүрісті ұқсатқыш манупед, пневмокөтергіші бар жүгіріс жолы орнатылған, Монтесори әдісі бойынша шағын моториктер әзірлеу үшін стенділер бар. Сонымен қатар, оңалту құралдары қатарында қолға және аяққа арналған үгу-уқалау құралдары бар.  Манупед тренажерында мүгедектер қоларбасында отырып та, немесе қолданбалы (алып-салынбалы) отырғышты пайдаланып шұғылдануға болады.

Арнайы ұстатқыш белдіктердің болуы бұлшық еттердің барынша оңтайлы жұмысын қамти отырып, буындар мен байламдарға түсетін ауырлықтарды азайтады.

Жауапты дәрігер – Чжэн Виктор Сянович, физиотерапевт, иглорефлексотерапевт

013