Физиоемдеу бөлімшесі

Физиотерапия бөлімшесінде емдік дене шынықтыру, физиотерапиялық емдеу және терапиялық әрі хирургиялық бейіндегі пациенттерді оңалту шаралары жүргізіледі.

Физиотерапиялық процедуралар отадан кейінгі кезеңде және науқас аурудан айыққаннан кейінгі оңалту барысында қолданылады. Олар емнің тиімділігін арттыруға, асқынудың алдын алуға және дәрілік жүктемені азайтуға көмектеседі. Физиотерапиялық процедураның басты артықшылығы – ауыртпалықсыз болуы және жанама әсердің даму қаупінің төмендігі.

Бөлімшеде тәжірибелі мамандар: оңалтумен айналысатын дәрігер-реабилитолог, емдік дене шынықтыру инструкторы, массаж жасаушы және физиокабинет медбикелері жұмыс істейді.

Бөлімше меңгерушісі – Чжэн Виктор Сянович, дәрігер-физиотерапевт, иглорефлексотерапевт.

Физиотерапия бөлімшесінде келесі қызметтер көрсетіледі:

  • Электрофорез
  • УЖЖ-терапия
  • Магнит терапияся
  • Ультрадыбыстық терапия
  • Биоптрон
  • Пресс терапиясы
  • Соққы-толқынды терапия
  • Жергілікті ультракүлгін сәулемен емдеу (УКС)
  • Лазер терапиясы
  • Электростимуляция
  • Фонофорез
  • Диадинамотерапия
  • СМТ-терапия (амплипульстерапия)
  • Қолмен емдеу (мануалды терапия)
  • Емдік массаждың барлық түрі

Ауруханада жүргізілетін кешенді емдеу ауыр аурудан немесе жарақаттан кейінгі қалпына келу мерзімін қысқартып, оң нәтиже береді.

Физиотерапиялық ем түрі заманауи жабдықтың келуімен үнемі кеңейіп отырады. Бұл бөлімшеде стационарлық пациенттер де, ақылы негізде амбулаториялық пациенттер де ем қабылдай алады.